Павлодарда есірткі тарапатпақ болған курьер ұсталды. Анықталғандай ол көлеңкелі интернет дүкеннің заңсыз жеткізушісі екен. Біздің қалаға көрші өңірден келіп, ірі көлемде психотропты затты алып кетпек болған.
Ұсталған уақытта күдіктіден салмағы 8 грамнан асатын 16 орама есірткі табылды. Куратордың нұсқауымен ол бұл заттарды облыс орталығында жасырын жерге жасырып, таратпақ болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары заңсыз есірткі айналымына қатысты барлық қылмыстар мен құқықбұзушылықтар туралы 8-700-399-01-02 немесе 102 нөмірлеріне хабарлауды сұрайды