Бүгін футболдан 2026 жылғы Қазақстан кубогының он алтыдан бір финалына жеребе тарту рәсімі өтті. Біздің «Ертіс» командасы қашан, кіммен ойнайды? Толығырақ материалымызда.

Премьер-лигада , Бірінші және Екінші лига командалары, сондай-ақ әуесқой ұжымдар қатысады. 1/16 финалда жоғарғы дивизион өкілдері сырт алаңда өнер көрсетеді. Премьер-лигаға қайта оралған «Ертіс» елордалық SD Family командасымен кездеседі. Павлодарлық клуб жеңіске жеткен жағдайда, 1/8 финалда алматылық «Хан-Тәңірі» мен петропавлдық «Қызыл-Жармен» жолығады. Жеребе қорытындысы бойынша «Екібастұз» ақтаулық «Каспиймен» ойнайды. Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде «Академия Оңтүстік» пен «Ордабасы» арасындағы кездесуде басым түскен командамен күш сынасады. Қазақстан кубогының 1/16 финалдық матчтары 8–9 сәуір күндері өтеді. Бұл кезеңде командалар бір ойыннан ғана өткізеді.