Павлодарда референдумды қолдау жөніндегі коалиция мүшелері ғалымдармен кездесті. Онда Констиуция мәтінінің мәні терең талданып, лингвистикалық, философиялық мазмұны айтылды.

Философия ғылымдарының докторы Амантай Құдабаев жаңа Конституцяда айтылған еліміздің болашақ даму бағдарындағы негізгі ұстанымдарға тоқталды. Оның айтуынша, бұндай ұстанымдар преамбулада нақтыланған. Кіріспеде елдің қоғамдық даму сапасын айқындаған мәтін де бар.

Бас қосудың мақсаты Конституцияның мәнін ғалымдармен бірге талқылап, терең түсіну. Гуминатарлық салада еңбек етіп келе жатқан ұстаздар мен профессорлардың пікірін тыңдау. Олардың ойы коалиция мүшелеріне берілген кеңес ретінде қабылдауда.

Коалиция жұмысының басталғанына 10 күн болды. Осы уақыт аралығында насихатшылар көптеген ауылдарды аралап, халықтың сұрақтарына жауап беруде. Бұл бағыттағы жұмыс әрмен қарай жалғасатын болады.