Павлодарда жыл мұғалімі - 2026 байқауының облыстық кезеңінің 1 туры өтті. Оған аймақтың мықты деген 59 педагогы қатысты. Конкурс мұғалімдердің шеберлігін анықтап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
«Жыл мұғалімі» байқауы дәстүрлі түрде жылда өтеді. Осы жылы Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия базасында ұйымдастырылды. Конкурсқа қалалық және аудандық мектептердің мұғалімдері қатысуға ниет білдірген.
Дана Әлжанова, №35 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Еңбек өтілім 6 жылды құрайды. Биыл осындай ауқымды жыл мұғалімі байқауына бірінші рет қатысып отырмын. Педагогиклық санатым – педагог модератор. Мен осыған дейін көптеген облыстық конкурстарға қатысып келемін. Бұл мұғалімдердің өзінің озық тәжірибесін таратуға, басқа мұғалімдермен тәжірибемен алмасуға көмектеседі. Осындай бақсаулар ұйымдастырылып жатқанына өте қуаныштымын.
Жалпы байқау 14 пән бойынша өтті. Білім саласының сарапшылары әзірлеген олимпиадалық тапсырмалар орындалды. Педагогтер 4 сағат бойы таңдаған пәніне байланысты тест сұрақтарына жауап беріп, эссе жазып, аудио тапсырмалар тыңдады. Тапсырмалар мұғалімдердің оқыту пәніне орай берілді.
Ғаламат Ғалымжанұлы, химия пәнінің мұғалімі
Жалпы еңбек өтілім 5 жыл. Категориям педагог модератор. Жалпы мұндай жарыстарға көп қатысқанмын. Қазір осы конкурсқа қатысуым алғаш рет. Бұл жерде көптеген тәжірибе жинақтау. Енді бақ шаба ма, бап шаба ма? Сәті кеп жатса міндетті түрде жеңіске жетеміз. Дегенмен ең алдымен тәжірибе жинақтау.
Екінші турға тек 70 пайыздан жоғары ұпай жинаған ұстаздар ғана өтеді. Аталмыш конкурс педагогтардың білімі мен шеберлігін, кәсібилігін анықтап қана қоймай, тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік.
Нұргүл Азанбаева, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары
Бүгін міне жыл мұғалімі облыстық конкурсы өткізілуде. 59 мұғалім қатысуда. Бұл конкурс педагогтердің білімін, шеберлігін ұштастыратын алаң болып табылады. Жалпы мұғалімдер жаңашыл идеяларымен бөлісіп, өз еңбектерін тәжірибесін көрсетіп, келешекте салаға зор үлесін қосады деп сенеміз.
Айта кетейік, конкурстың екінші туры наурыз айында өтеді. Оған тек кіл мықтылар өтеді деп сенеміз.
Самал Қалиқызы