Павлодар қаласындағы №2 жобб мектебінде оқушылар инклюзивті бочча турнирінде күш сынасты. Турнир биыл мектеп оқушылары арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 3 оқушыдан құралған 12 команда қатысты.Толығырақ келесі сюжетте.
Шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде өткізілді. Басты міндеті – инклюзивті спорттық әрі мәдени жобалар арқылы оқушылардың қоғамға белсенді араласуын күшейту, олардың арасында құрмет пен түсіністікті дамыту, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен дені сау құрдастарының арасындағы достық байланысты бекемдеу.
Бақтияр Түсіпов, Павлодар облысы білім беру басқармасының аймақтық оқу тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшысы
Дәл қазіргі уақытта 2 мектеп спорт залында қалалық боччо ойыны өтіп жатыр. Боччо деген ерекше қабілеттері бар балаларға арналған ойын. Ойынның мақсаты ерекше балаларды әлеуметтендіру. Жыл сайын бізде респубилткалық ойындары өткізіледі.
Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай кіші, орта және жоғары санаттарға бөлінді.
Адия Масалимова , Павлодар қаласы №2 жобб мектебінің биология пәні мұғалімі
Бүгінгі таңда бізде 6 мектеп қатысушы А.Байтұрсынұлы ат. ЖОМ, №43,6,11,7,2 мектеп.жарысқа 12 команда қатысады. 3 қатысушыдан оның біреуі инклюзивті болса екі сыныптасы бірге командада өнер көрсетеді. Бұл турнир осы жылы мектеп оқушылары арасында бірінші рет өткізілуде. Басқа мектептерде қолдаса деген үмітіміз бар.
Бочча ойыны Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында және аудандарда да ұйымдастырылады. Жарысты өткізу үшін арнайы комитет пен төрешілер алқасы құрылды. Сондай-ақ, турнир қорытындысы бойынша барлық командалар марапатқа ие болмақ.
Дильназ Қуанышбекқызы