Астанада Жаңа Конституция нормаларына қатысты саяси пікірсайыс ұйымдастырылды. Студиялық форматтағы дискуссияға 7 партиядан 14 спикер қатысты. Барлығы 4 раунд өтті.
Алғашқы кезеңде партия өкілдері Конституция жобасының жекелеген нормаларын түсіндіріп, оның қарапайым азаматтардың өміріне қалай әсер ететінін айтты.
Айдос Сарым («AMANAT») Жаңа Конституцияның мәнін үш сөзбен жеткізді: «Азат болу. Қазақ болу. Асқақ болу».
Екінші кезеңде сұрақ-жауап форматында экология мәселесі көтерілді.
Азаматхан Әміртай («Байтақ») 37-бапқа қатысты түсініктеме беріп, экологиялық қауіпсіздікке байланысты арнайы заңдық актілер қабылдау қажеттігін атап өтті.
Үшінші кезеңде халықтан келген сауалдарға жауап берілді. Көпбалалы ана отбасы институтын нығайту туралы сұрақ қойды.
Нұрлан Әуесбаев отбасы құндылықтары Конституцияда ерекше қорғалатынын айтты.
Соңғы раундта партия өкілдері референдумға қатысуға үндеу жасады.
Жигули Дайрабаев, Әбдіәзизхан Нұржігітұлы, Қымбат Қайырбекова, Ділназ Байділдина, Мақсұт Насибулов азаматтарды белсенді болуға шақырды.
«Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты дискуссия 2 сағат бойы «Qazaqstan» және «Хабар» телеарналарының YouTube, Facebook, Instagram, TikTok платформаларында тікелей эфирде көрсетілді.
#Астана #Пікірсайыс #ЖаңаКонституция #Референдум2026