Павлодардағы номері қырық сегізінші мектептебінде «Ai Mektep» жобасы пилоттық негізде іке қосылған. Бұл – мектептегі қауіпсіздікті сақтауға жасанды интеллект ат салысады деген сөз. Тілшіміз банядасын.
«Достық» шағын ауданындағы номері 48 мектебінде барлығы 152 камера орнатылған. Оның 30-ы таңдап алынып, «Ai Mektep» жобасына қосылды. Ол 30 камера мектептің ең маңызды аумақтарына қойылған. Яғни, дәліз, асхана, спорт зал сияқты оқушылар көп шоғырланатын аумақтарға ораластырылғандары.
Камералар жай түсіріп қоймай, жасанды интеллект арқылы өздеріне берілген міндетті дереу анықтайды. Яғни, буллинг болып жатса, адамдар шоғыры байқалса, төбелес болса, күдікті заттар жатса тіркеп, хабарлайды. Бейнематериалдар Полиция департаментінің жедел басқару орталығына тікелей жолданады. Мектеп ұжымы қару ұстаған балалардың иммитациясын жасап та көрген екен. Жасанды интеллект оны дереу анықтап көрсетіпті. Жоба қаңтар айынын бастап іске қосылған.