Қоғамдық мәселелерден бастап, өмірдің әр түрлі қиын жағдайына тап болған жандарға қол ұшын созып жүрген ержүрек еріктілердің еңбегі баршасына белгілі. «Аманат» партиясының Павлодар облыстық филиалында волонтерлік ұйымдардың форумы өтті. Оған Мәжіліс депутаттары қатысып еріктілік қызметтің бағасы әркез жоғары екендігін айтты.

2026 - жыл Қазақстанның бастамасымен халықаралық еріктілер жылы болып бекітілді. Атаулы жылды БҰҰ бекітті. Ерікті болу жүректің қалауы, қоғамға пайда әкелсем деген игі ниеттен туған іс екендігін бүгінде баршасы түсінеді.

Әлем бойынша 1 миллиардқа жуық адам волонтерлік іспен айналысады. Демек, осыншама адамның жүрегінде ізгі мақсат бар деген сөз. Ал, Қазақстандағы еріктілер ұйымының саны 800 ге жуықтаған. Өткен жылы 800 мыңға жуық волонтер, 2 млн адамға көмек қолын созыпты. Ал, Павлодар облысында волонтерлікке баулу ісі мектеп жасынан басталады.

Әйгерім Түсіпбекова, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының координаторы

Бізде экология бағытына қызығатын отряд құрылды. Негізінен біздің ұйым арқыды оқушылар мен колледж студенттері қарапайым қайырымдылықты ерте жастан үйренуде. Олар қар тазалау, жалғыз басты зейнеткерлерге көмектесу сияқты игі істер атқарады. Әр түрлі шаралардың сценарийін жазатын еріктілер де бар. Жақында ғана өзіміздің еріктілердің сценарий бойынша балалар үйінде жаңа жылдық ертеңгілік өткіздік.

Форумға Павлодар облысы аумағында белсенділігімен танылған ондаған ерікті ұйымдар өз жұмыстарын таныстырды. Әр қайсысы әр түрлі бағытта жұмыс істейді. Бірақ, мақсаттары ортақ. Ол- қоғамға, жеке адамға қол үшін созып, жүрек жылуын сыйлау.

Мәжіліс депутаттары еріктілердің қызметі мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланатындығын айтты. Олардың қандайда бір ұсыныстарын қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.