Өткен демалыс күні Баянауыл ауданы Жасыбай көлінің маңында екі жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалды. ТЖБ қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, қар мен мұзда кептеліп қалған көліктерді шығарды.
Құтқарушылар құм сеуіп, екі автокөліктің де қауіпсіз өтуіне көмектесті. Балалары бар үш отбасы уақытында көмек алды. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖД тұрғындарға демалысқа шығарда ауа райына назар аудару керектігін ескертеді. Қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн.
Сабина Жолдаспаева