Павлодарда облыстық пән олимпиадасы қорытындыланды. Әр мектептің кіл мықтылары қатысқан білім бәйгесіне биыл 708 оқушы қатысыпты. Осыншама оқушының ішінен топ жарып, білімін дәлелдегендер салтанатты түрде марапатталды.

Естай мәдениет сарайының үлкен залын зерделі де, зейінді оқушылар толтырды. Баршасы қаңтардың 7-сі мен 8-і күндері өткен пән олимпиадасының жүлдегерлері мен жеңімпаздары. Білім бәйгесіне қатысқан 708 оқушының 324-і жүлдеге иелік етті.

Он бес пән бойынша өткен олимпиададасының жеңімпаздары көпшлік алдында салтанатты түрде мараптталды. Қай уақыт болмасын білімге ие жандар әркез құрметке лайық. Уақыт алға озған сайын білім де жаңарып, жаңа ойларды мен шешімдерді ортаға ұсынары сөзсіз. Бұл олимпиадаға қатысушылардың бәрі сол білімге қол жеткізген жүйріктер.

Пән олимпиада қорытындысы бойынша 56 оқушы бірінші орынға ие болды. Олар наурыз және сәуір айларында өтетін республикалық пән олимпиадасында бақ сынайды.

Республикалық олимпидасында павлодарлық оқушылар 50 ден астам жүлде аламыз деп жоспарлап отыр.