Республикалық науқан аясында Павлодар қаласында «Халық бухгалтері» кеңес беру кабинеті ашылды. Бұл науқан 5 қаңтардан басталып, 30 маусымға дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар бухгалтерлік және салық мәселелері бойынша тегін кеңес ала алады.
«Халық бухгалтері» кабинеті кәсіпкерлерге есеп жүргізу, салық төлеу, , сондай-ақ электронды ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу бойынша тегін кеңес береді. Консультацияның «Қазақстанның бухгалтерлер және бухгалтерлік ұйымдар одағының» кәсіби есепшілер мен мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары жүргізеді.
Ержан Тоқтарханов, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
Акцияның мақсаты бұл жеке кәсіакерлерге қолдау қөрсету. 5 қаңтардан басталып 30 маусымға дейін жалғасады. Аптасына 3 рет жұмыс істейді.Қалған айлары екі рет консултация көрсетіледі.
Науқан басталғалы бері 85 салық төлеуші жүгініп, мамандар 195 сұраққа нақты жауап берген.
Гүлжанат Ұзынжасова, кәсіпкер
Мен жеке кәсіпкермін. 15 жылдай болды жеке кәсіпкер болғаныма. Қалай көшу керек екеін барлықы орнықты түсіндіріп берді.Осы науқан уақытында келір тұр бізге налоговой кодексті енгізуіне.
Айта кетейік, «Халық бухгалтері» кабинеті кәсіпкерлер қызметті тегін көрсетеді. Мамандар салық саласындағы жаңашылдықтарды түсіндіріп, кәсіп жүргізуде туындайтын мәселелерді шешуге көмектеседі.
Дильназ Қуанышбекқызы