Халық қалауларының өңірде сапары жалғасуда. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова Баянауыл ауданына барды. Өңіріміздің інжу-маржаны атанған табиғи бай өлкеде депутат туристік нысандарға барып, Жасыбай, Сабындыкөл жағалауларын аралады. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Депутаттың жұмыс сапары әуелі Жасыбай көлінен басталды. Елордалық мейманды аудан әкімі Ардақ Кісентаев қарсы алды. Кездесу барысында демалыс орындарының жұмысы, кәсіпкерлердің тіркелуі мен салық түсімі, сондай-ақ маусымдық туризмге қатысты өзекті мәселелер айтылды.
Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі
Екатерина Смолякова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Салық түсіп жатыр ма? Обьемный түседі деп айта алмаймын. 30 млндай түседі. Бір жылда. Направление ауданымызда ауыл шаруашылығы өнеркәсіп, ол Майқайың жақтан кірген кезде. Майкөбе, Сарыкөл, Талдыкөл, Керегетас, Майқайыналтын. Основной. Таза 30 млн. Себебі, де былай осы жолы Президент тіркелген, тіркелмеген жерінде болсын жұмыс істеп жатқан налогын төлесін деп. Бұл жерде 60 тан астам жеке кәсіпкер бар ғой. Соның 19і ғана біздің Баянауыл ауданда тіркелген. Қалғаны Алматы, Қазақстанның басқа қаларарында тіркеуде тұр. Біз кейінгі жылдары сөйлесіп 6 кәсіпкерлі өзімізге тіркедік. Бірақ олармен жұмыс істеу өте қиындау. Олар сезон отработали 2 жарым ай кілтін жапты, камераларын қосты. Кетті. Оны біздің налоговый налог тексере алмайды. Мониторинг жасай алмайды. Сондай мәселелер бар.
Жазғы туристік маусымда демалыс аймақтарынан шығатын тұрмыстық қалдықтар мен сарқынды суларды тасымалдау мәселесі өзекті. Бұл бағытта жергілікті билік бірқатар шараларды қолға алған. Бұл мәселе жергілікті билік назарында.
Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі
Екатерина Смолякова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Біз айтамыз жаз айларында Торайғыр жақта пост бар тыйым саламыз ас машиналарға. Неге десеңіз олар ол жақпен шығатын болса 50 шақырым Баянаға айналып бару керек. 50 км ешкім айналып бармайды сіз айтып отырғандай. Бір жерге барып төгіп кетуі мүмкін. Сол себепті туралы 16 шақырым шығады да. Очистной сооруженияға барып төгеді. Мен шатаспасам 4 тонналық 3мың теңге. машинвмен сорып алады. 4,5 тоннаны төгеді очистнойға.
Бұдан кейін, Екатерина Смолякова Жасыбай аймағында былтыр салынған жаңа демалыс орнына барды. Нысан қыс мезгілінде де туристерді қабылдайды. Сондай-ақ былтыр пайдалануға берілген «Баянауыл Арена» спорт кешенін аралады. Ал биыл ашылуы жоспарланған визит орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Туристерге өңір туралы толық ақпарат беретін орталық «Сарыарқа сыры» деп аталады. Алайда, туризмді дамытуда шешімін таппаған мәселелер де бар. Коммуникация, кәріз жүйесі, интернет пен байланыс сапасының төмендігі туристік аймақтардың толыққанды дамуына кедергі келтіріп отыр.
Екатерина Смолякова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Бірақта көріп тұрғандай жалпы елімізде туризмді дамытудағы ең бір ұстап қалатын нәрселердің бірі бұл инженерлік инфрақұрылым болып табылады. Әрине, бұл коммуникациялар, бұл канализация мәселелері, интернет, байланыс мәселелері, негізі инвесторлар мына аймаққа келгісі келеді. Турзимге қаражаттарын құйғысы келеді. Бірақта біз мысалы жаңа Мысалы біз жаңа Жасыбайда болдық. Бұл жәрде жақсы демалыс үшін салған бірақ та септик, канализация мәселесі күрделі болып тұр. Өзекті сұрақтардың бірі болып табылады.
Мәжіліс депутаты экология мен туризмді қатар дамытуда жүйелі шешімдер қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, табиғатты сақтап қалу- негізгі міндет. Бұны заңнамалық деңгейде реттеу қажет деді ол.
Екатерина Смолякова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Осы эколгия турзим, кәсіпкерліктің түйіскен нүктесінде жақсы шешімдерді табу қазіргі негізі мақтсатрымыздың бірі. Жасыбай көліне барған кезде де көтерілген сұрақтардың бірі бұл бұл жерде мысалы ұлттық парк тұр ғой. Паркітің мәндеті табиғатты экологияны қорғап сақтап қалу, Ал турзимді дамытамыз десек әрине, экология кері әсерін тиіп тұрады. Сонда экологиня табиғатты сақтауымыз керек. Сонда экологияны табиғатымызды сақтай отырып, туризді дамыту керек осы екеуінің түйіскен жерінде тиісті заңнамалық тұрғыдан нормаларды ойлап тауып, парламент мінберінде сауал түрінде жолдауымыз керек деп ойлаймын.
Мәжіліс депутаты көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтты. Парламентте заңнамалық деңгейде көтерілетінін жеткізді.
Әйгерім Тоқпанқызы