Павлодарда ҚР Парламенті сенатының шахматтан 3-ші ашық кубогі басталды. Алғашқы кезеңдерде өңірдің ардагерлері бақтарын сынады. Жарыс неше санатқа бөлінген, тағы кімдер қатыса алады? тілшіміз айтсын.
Сенат оупен осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған дәстүрлі жарыс. Бұл шахматты көпшілік арасында насихаттау, шахмат ойыншыларының қатарын арттыру мақсатында ұйымдастырылуда.
Нұржан Әшімбетов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Сенат парламенті үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып жатыр. Өте жақсы сәтті. Сіздерге денсаулық тілеймін. Мен өте қуаныштымын.
Жарысқа ардагерлер, мемлекеттік қызмет өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің мүшелері кезең-кезеңімен қатысады. Жарыс 7 санатқа бөлінген, осылайша шахматтан облыстың 7 чемпионаты өтеді. Алғашқы күні ардагерлер жылдам шахматтан жарысты.
Сейітбаттал Оспанов, еңбек ардагері
Мен көп жылдай қатысамын. Тракторный зауытта ойнап. Миға жақсы. Шахмат өте керемет. Ақсақалдарға жақсы. Ақылдасып сөйлесіп, солай жүреміз.
Ашық кубокке 60-тан астам адам қатысты, олардың 20-сы ғана ¼ финалына өтеді.
Арыстан Капаев, Қазақстан шахмат федерациясының Павлодар облысы бойынша атқарушы директоры
Бүгін бізде ҚР парламені сенатының ашық кубогі жарысы өтіп жатыр. Ардагерлер, денсаулық, ғылым, білім басқармасы арасында болады. 7 іріктеу болады. 20 адам өткеннен кейін ¼ финал болады. Майдың кезінде болады.
Айта кетейік, 24 қаңтарда білім және ғылым саласы мамандары, 30 күні мемлекеттік қызметкерлер, 6 ақпанда мәдениет саласы мамандары, 19 ақпанда БАҚ қызметкерлері, 21 ақпанда денсаулық саласының және 28 күні күштік құрылымдар жарысады.
Самал Қалиқызы