5 қаңтардан бастап Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініштер қабылдана бастады. Аталмыш мемлекеттік көмекке кімдер ие бола алады? әр отбасыға қанша теңгеден тағайындалады? Толығырақ тілшіміз айтсын.

Павлодар облысында өткен жылы 2 мыңнан астам отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалыпты. Жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады.

Венера Демеубаева, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы

2025 жылдың қорытындысы бойынша АӘК-пен 2693 отбасы қамтылды. Көмек алушылар ішінде 1-6 жас аралығында ай сайын 1,5 АЕК—төленді. 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап өтініш қабылдау басталды. өтініштерін берсе болады.

АӘК әр отбасыға әртүрлі тағайындалады. Яғни ол отбасының кірісіне, шығынына, отбасы мүшелерінің санына байланысты.

Венера Демеубаева, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы

АӘК ең басты талабы – ҚР азаматтары, қандастар, шетел азаматтары өтінштерін берсе болады. Тоқсан сайын тағайындалады. Төртінші тоқсанның бүкіл барлық есебі есептеледі. Егер кірістер жалпы шаққанда кедейлік шегінен аспаған жағдайда тағайындалады.

Естеріңізге салайық, Атаулы әлеуметтік көмек өзі екі түрге бөлінеді. Мақсаты – азаматтарды кедейлік шегінен шығару, тұрақты жұмыс орнымен қамту.

Венера Демеубаева, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы

Ол шартсыз АӘК және шартты АӘК. Шартсыз дегеніміз отбасыда зейнеткерлер, бала күтіміне байланысты декретте отырған аналары бар отбасылар. Шартты жұмысқа жарамды жанұя мүшесі белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылу керек, қатысу керек.

Айта кетейік, өтініш онлайн әрі офлайн форматында қабылданады. Онлайн түрде ЭЦҚ арқылы электрондық үкіметте өтініш қалдыруға болады.

Самал Қалиқызы