Ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын әскери құрылым Ұлттық Ұланның құрылғанына 34 жыл толды. Атаулы күнге орайда, 6679 әскери бөлімінде салтанатты шара ұйымдастырылды.
Ұлттық Ұлан жауынгерлері күнделікті өз борышын адал орындау арқылы ел тыныштығы мен тұрақтылығын сақтауға үлес қосып келеді. Бұл күн – олардың қажырлы еңбегін бағалайтын ерекше мереке.
Айбек Арыстанбаев, 6679 әскери бөлімінің командирі
Сіздерді ҚР Ұлттық Ұлан құрылған күніне 34 жыл толуымен құттықтаймын. Ұлттық Ұлан ел тыныштығы мен қорғаныс, қауіпсіздік сақтау сенімінің мақсат беделі. Қызметтік жауынгерлік міндеттерді абыроймен атқарып, Отан алдындағы қызметің атқару үлгісін көрсетіп келеді. Антқа берік, жоғары кәсіби, жауынгерлік рух әрдайым серіктесіміз болсын.
Салтанатты шарада қызметте ерекше көзге түскен бірқатар әскери қызметшілерге марапаттар табысталды. Бұл – олардың еңбегіне берілген жоғары баға, алдағы қызметіне жігер беретін айрықша сәт.
Назбек Мәліков, 6679 әскери бөлімі командирінің орынбасары
Мерекелік іс-шарада ІІМ орынбасары, Ұлттық Ұланның Бас қолбасшының атынан, Шығыс өңірлік қолбасшылығынан және бөлім командирі атынан әскери қызметшілер марапаттарға ие болды және Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы мен мүшелері қатысып өтті.
Ұлттық Ұлан қазіргі уақытта қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды құрылым. Қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ халықтың күштік құрылымдарға деген сенімін нығайту жолында елеулі үлесі қосып келеді.
Мұхамедәлі Өсербай, 6679 әскери бөлімінің рота командирі
Осы Ұлттық Ұланның қазақ халқына, елімізге, жерімізге тигізіп жатқан пайдасы өте көп. Өйткені біздің басты міндет – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы әскери бөлімде менің атқыштар ротам бар, біз қылмыс жасағандарды күзетумен айналысамыз.
Салтанатты шарада патриоттық әндер шырқалып, мерекелік концертке ұласты. Ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігін қасиетті борышына айналдырған Ұлттық Ұлан сарбаздары үшін де бұл күннің мәні зор.
Кенен Мыңбай, 6679 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері
Ұлттық Ұлан маған көп нәрсені үйретті. Тәртіпті, таза жүруді, өз-өзіме қарауды, елді, жерді сүюді үйретті. Сондықтан рақметімді айтамын. Сарбаздар барлығы Ұлттық Ұланның арқасында көп нәрсеге үйренді деп ойлаймын.
Жоламан Қабылқаят, ҚР ұлттық ұланы
«Сарбаз анасы» төсбелгісінің иегері
Сарбаздарға тек сәттілік, қырағы болу керек. Ұлттық Ұланның әскери қызметшісі, сарбазы болу оңай емес. Бұл зор батылдық пен шеберлікті талап етеді.
Ұлттық Ұлан – ел қорғаны, халықтың қалқаны. Сондықтан әр әскери қызметші мен сарбаздардың айбынды келбеті, биік рухы – тәуелсіз елдің берік тірегі.
Қымбат Садық