Өңір аумағында қалың қар жауып, боран соғып, оның арты көктайғаққа ұласты. Осыған байланысты 12 қаңтар күні сағат 15:30-дан бастап бірқатар республикалық маңыздағы автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Шектеу Ақмола облысының шекарасынан Атамекен кентіне дейінгі бөлігінде енгізілді. Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін жабық. Сондай-ақ Қалқаман кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 немесе 102 нөмірлеріне хабарласу қажет екендігін ескертеді. Жолға шықпауға сұрайды.

Сабина Жолдаспаева