Павлодар облысында полицейлермен қатар қызметтік иттер де қылмыс ашуда жан салмайды. Мәселен былтыр иттер 200-ге жуық істі ашуға көмектесіпті.

Бұл иттің лақап аты – Буран. Бельгиялық тұқымды төртаяқты кинологиялық қызметте 2019 жылдан бері қызмет етеді. Оның көмегімен 64 есірткі қылмысы анықталды.

Нияз Валиев, Павлодар облысы ПД кинологиялық қызметтің бастығы

Кинологиялық қызмет орталығының қызметтік иттері ұрлықта, кісі жоғалғанда табуға көмектеседі. Логистикалық компанияларда табуы мүмкін.

Мұндағы иттердің бірі есірткі заттарын, енді бірі ғимараттарда жарылғыш заттарды, адам ізін іздейді. Өткен жылы иттердің көмегімен 200 қылмыстық іс ашылған.

Нияз Валиев, Павлодар облысы ПД кинологиялық қызметтің бастығы

2025 жылы кинологқа 1000-нан астам шақырту түсті. Ұрлық, кісі өлтіру, есірткі тасу. 200-ге жуық қылмыстық іс ашылды. Кинологиялық қызметте 22 іздеу ит қызмет атқарады.

Орталықта 4 адам жұмыс істейді. Ал, 2024 жылы кинологиялық иттердің қызметімен 198 қылмыстық іс ашылған.

Самал Қалиқызы