Павлодар қаласында «Ғылым Talks»тоукс диалог алаңы өтті. Іс-шара «Әйел және ғылым: шексіз мүмкіндіктер» атты пилоттық жобаның қорытындыларын шығаруға арналды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы «Ғылымдағы әйелдер» бағытының тең төрағасы Вера Ким қатысты.
Диалог алаңы кәсіби пікір алмасуға, ашық талқылау жүргізуге және жобаның нәтижелерін таныстыруға мүмкіндік берді. Пилоттық жоба қыркүйек айынан бастап жүзеге асырылып, өңірдегі жоғары оқу орындарын қамтыды. Оның басты мақсаты – ғылым саласындағы әйелдердің әлеуетін арттыру және өзара ынтымақтастықты нығайту.
Салтанат Әубәкірова, Торайғыров университетінің стратегиялық даму, цифрландыру жөніндегі басқарма мүшесі – проректор
Бұл жобаның негізгі мақсаты әйелдер қауымын ғалымға тарту. Әйелдер арасында бір колобарацияны жасау. Біз бұл жобаны барлық университеттерде жасадық. Бұл жобаның бізге не береді неге сұрақ туындауы мүмкін бұл жерде ешқандай гендерлік теңсіздік деген ұйым жоқ. Әйел адам бір қолыммен бесікті тербетсе екінші қолымен әлемді тербетеді деген маңызды ой бұл. Терең ойдың бәрі тек ғылымнан ғана туады.
Ашық пікірталас барысында қатысушылар ғылымдағы әйелдерді қолдаудың үздік тәжірибелерімен бөлісіп, «Ғылымдағы әйелдер» бағытын өңірлік деңгейде дамыту жолдарын талқылады.
Салтанат Әубәкірова, Торайғыров университетінің стратегиялық даму, интернационалдандыру және цифрландыру жөніндегі басқарма мүшесі – проректор
Біз мысалы торайғыров университеті бірнеше прототиптер жасаған болатынбыз. Қазіргі таңда жастар кітап оқымайды, ғой оларға бір цифрландыру керек. Менің ойымша бұл пилоттық жобаның маңызы зор. Және болашақта да белгілі бір жетістіктерге жетеді деп есептеймін.
Ұйымдастырушылар жобаның алдағы уақытта да жалғасын тауып, ғылым саласындағы әйелдердің белсенділігін арттыруға серпін беретінін атап өтті.
Дильназ Қуанышбекқызы