Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында елдің ішкі саясаты мен қоғамдық өмірдегі маңызды мәселелеріне тоқталды. Солардың ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екені ерекше атап өтті. Ал бұл жұмыстар өңірдегі уәкілетті органдар арқылы жүзеге асады.
Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті елдің басты басымдықтарының бірі деп атады. Мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтықты арттыру, жауапкершілікті күшейту және құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі айтылды. Бұл бағытта уәкілетті органдардың жұмысы күшейтіліп, алдын алу тетіктеріне басымдық берілмек.
Ерғанат Абисаликов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының басшысы
Мемлекет басшысының 2025 жылдың 30 маусымындағы жарлығымен ҚР мемлекеттік қызмет істер агенттігіне сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша бірқатар функциялар берілген болатын. Бұл әрине алдын алу, профилкатика, сыбайлас жемқорлық мәдениет қалыптастыру сияқты функциоларды атап өткен жөн. Бүгінгі таңда аталған мәселе бойынша департаментте арнайы сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасы құрылып, қарқынды жұмыс жүргізілуде осы бағытта. Сонымен қатар, алдағы жоспарларға сәйкес бірқатар мониторинг пен талдаулар жоспарланғанын атап өткен жөн. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда. Мемлекет басшысымен агенттік тарапынан берілген тапсырмаларды орындау тиісті деңгейде жүргізілуі тұрақты бақылауда екенін атап өту қажет.
Мемлекет басшысының сұхбатта көтерген ойы сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңызын көрсетті. Бұл – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені аталды. Ашықтықты қамтамасыз ету мен заң талаптарын қатаң сақтау азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға бағытталған.
Ерғанат Абисаликов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының басшысы
Мемлекет басшысының берген сұхбаты өте орынды және оны қолдаймыз. Мемлекеттік саясатты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бұл біздің мемлекеттік органның әр мемлекеттік қызметшінің және әр азаматтың негізгі міндеті болып табылады. Өйткені сыбайлас жемқорлық қоғамдағы ең үлкен мәселе және ол барлық салаларға кері әсер ететін негативті фактор болып табылады. Сондықтан әр азаматтың міндетті сыбайлас жемоқорлық тәуекелдеріне қарсы тұру және күресу болып табылады.
Сарапшылардың пікірінше, Президенттің бұл ұстанымы мемлекеттік басқару жүйесінде тәртіп пен әділдікті нығайтуға ықпал етеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сабина Жолдаспаева