Екібастұзда жанжал кезінде ер адам көз жұмды. Қайғылы жағдай 9 қаңтар күні Энергетик көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Болат Нұрсейітов, Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары

2026 жылғы 9 қаңтарда Екібастұз қаласының пәтерлерінің бірінде болған оқиға туралы полицияға хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тұрмыстық дау бойынша алкогольдік мас күйде дауға қатысқан бір адамға бірнеше рет пышақ салынғаны анықталды. Алған жарақаттардан ол оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар тағы бір аәйел жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.