Рамазан айы жақындап келеді. Дін өкілдері ешқандай өзгеріс болмаса ораза 19- ақпаннан басталатындығын айтады. Рамазан барша мұсылмандар үшін кешірім мен тәубә айы. Сондықтан, бұл айда құлшықтан бөлек, қайырымдылық істері еселеп артады.
Айлардың сұлтаны атанған рамазанды барша мұсылман қауымы асыға күтеді. Ғаламды мейірім нұрына бөленер шағы жылына бір рет келіп, барша жүректерді қуаныш бөлейді. Бұл айда баршасы мұсылмандық шарттардың бигінінен көрінуге ұмтылады.
Ораза биыл ақпан айының үшінші декадасына жақын келуде. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ресми түрде бекітпегенімен оразаның басталу және аяқталу уақыты күнтізбеге сәйкес белгілі.
Егер ораза 19-ақпан басталса қадір түні наурыздың 16 сы нан 17 сі не қараған түніне сәйкес келеді. Ендеше айт мерекесі 20-науырз күні тойланады. Егер қандай да бір өзгерістер болса хабарланатын болады.