Жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі жалпыұлттық коалицияның Павлодар облысында да штабы құрылып, жұмысын бастады. Коалиция құрамының мүшелері алыстағы ауылдық елдімекендерге дейін барып, халыққа жаңа Конституция жобасын түсіндірмек.
Жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі жалпыұлттық коалиция 12-ақпан күні АСтанада алғашқы отырысын өткізіп, жұмысын бастады. Онда әр түрлі саяси партиялар мен қоғам өкілдері біріккен. 300 ден астам мүше бар. Бұл қозғалыстан Павлодар облысы да шет қалмай, әр қала мен ауданда коалиция штабын құрды.
Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы
Облыстың әрбір ауылына барып тұрғындармен кездесу міндеті тұр. Халықты толғандырып отырған сұрақтарына жауап алу керек. Облыс бойынша 3 қала мен 10 ауданда коалициялар құрылды. Олар да өз аумақтарында халықпен жүздеседі. Тұрғындардың қандай мәселерді көтеретіндігіне баса мән беріледі.
Ата заң жобасы талқыланған Конституциялық комиссияның әр отырысы ашық форматта өткені белгілі. Сондықтан болар азаматтар белсенділік танытты. Ой-пікрілерін айтты. Ұсыныстарын жасады.
Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы
Конституциялық комиссияның 12 отырысында е-өтініш, егов арқылы халықтан 10 мыңнан астам ұсыныс пен өтінім келіп түсті. Бұл нені білдіреді? Бұл жаңа Конституция жобасына халықтың белсенді түрде қатысқандығын көрсетеді. Өйткені, бұл ауқымды жоба болды. Ата заңның 84 пайызы өзгеріп, 77 бап өзгерді. Сондықтан, халық тарапынан көп ұсыныстар болатыны белгілі. Сұрақтар да болады. Сондықтан, облыстық коалиция бұл жұмысты тыңғылықты атқаруы тиіс.
Бүгін облысқа Елордадан коалиция мүшелері келіп Екібастұз, Ақсу қалалары мен Успен, Шарбақты, Май аудандарына сапарлап кетті. Онда жоғары да айтылғандай, халықтың сұрақтарына жауап беріп, жаңа Конституцияның жобасын кеңінен түсіндіру жоспарланған.