Биыл облыстың 67 елдімекенде дезинсекциялық жұмыстар жүргізіледі. Павлодар қаласымен қатар, 6 бірдей ауданның аумағы қамтылады. Маса мен шіркейді улау жұмыстарында биологиялық әдестер кеңірек қолданылады. Облыс әкімдігінде зиянкестерге қарсы күрестің 2026-жылғы маусымына дайындық барысы талқыланды.

Биыл маса мен шіркейге қарсы улау жұмыстары 172 мың гектар аумақта жүргізіледі. Мердігерлер бұл мақсатқа 200 техник жұмылдырмақ. Сондай-ақ 200 маман ат салысады. Алдымен дернәсілдерді әуеден өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Улаушы ұшақтар жиыны 445 әуеге көтеріледі деп жоспарланған. Соның 70 процентінде биологиялық дәрі қолданылады.

Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы

Ағымдағы жылы 10 авиаборт қолданамыз. Оның 3 авиаборты Атамекен кентінде. 2 авиаьорты Бірлік ауылына, қалған аудандарға бір-бірден авиаборт шоғырланады. Авиаоброботка жерлерді қолмен өңдейміз. Адам аяғы бара алмайтын жерлерге дрон қолдануды шешіп отырмыз. Эксперимент ретінде 2 дрон қолданамыз. Дрондар тәулігіне 300 гектар жерді өңдей алатындай қабілеті бар.

Жалпы биологиялық дәрі-дәрмекті химиялық прептераттардан көбірек қолдану ұсынысын ғылыми топ жасапты. Өйткені, дәл осы биологиялық преператтар табиғатқа да, өзге де тіршілік иелеріне зияны жоқ. Ғылыми топ масаны улау жұмыстарында жауапты мекеме мен мердігер ұйымға бұдан да өзге кеңесерді беруде.

Қанат Ахметов, биология ғылымдарының докторы

Май районы масалардың 87 пайызы шығады. Кәдімгі агрессивті шіркей. Павлодар мен Ақсудың бүкіл қансорғыштың 3 түрі шоғырданған. Олардың бәрі Ертістің суында. ТЕреңкөл, Ақтоғай аудандарында қансорғыштың бір-аұ түрі бар. Ертіс, Железин аудандарында да бір-ақ түрі бар. Бірақ, ол өте қатты қансорғыш.

Жиын қорытындысы бойынша қансорғыштарды улау жұмыстарын уақытылы бастау тапсырылды. Тиімділік 80 пайыздан аспаған жағдайда мердігерге қаражат төленбейтіндігі айтылды.