Үкіметтің кеңетілген отырысынан оралған соң облыс әкімі тұрғындардың табысын арттыру, өмір сапасын жақсарту жөнінде жиын өткізді. Презиендттің тапсырмаларын орындау жолында қандай шаралар қолданылатындығы айтылды.

«Президенттің айқын, нақты берген тапсырмасы бар. Негізгі бағдар халықтың әл-ауқатын арттыру. Азаматтардың мүддесі, тұрғындар табысының артуы» деді аймақ басшысы. Мемлекет басшысы бұл жолда айрықша міндет қойып отырғандығын атап өтті.

Былтыр бюджеттің тиімсіз жұмсалу жағдайлары тіркеліпті. Бұны жиын барысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқамрасының басшысы айтты. Тексеріс нәтижесінде 13 млрл теңгеден астам қаражат оңтайландырылған. Бұл қаржы инфрақұрылымға тікелей бағытталған.

Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Жыл қорытындысы бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу үшін барлық басқармалар индикаторларды жоспарлауға кешенді түрде қарауы қажет. Желтоқсан айында қабылданған Салық кодексіндегі өзгерістерді ескере отырып, мүдделі органдармен бірге облыс бюджетінің кіріс бөлігінің орындалмау тәуекелдерінің себептеріне талдау жүргізудеміз. Мониторинг дайындауда мәселелер бар – сапасыз, шынайы емес деректер аймақтардың дамуының нақты көрінісін бұрмалайды.

Жиында жаңа инвестициялық циклді іске асыруға ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда пулда жалпы құны 7,4 трлн теңге болатын 113 жоба бар. Оның 35-ін 2026 жылы іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар, «Павлодар» АЭА-ын, Екібастұз индустриялық аймағын дамыту және Ақсу қаласында агроиндустриялық аймақ құру жоспарлануда.

Людмила Кұрманова, Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы

Екібастұзда үшінші ферроқорытпа зауытын іске қосу, ұсталық-бандаж кешені, жылына 5 000 тонна катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыт салу жобалары бар.

Жиында энергетика саласының жай-күйі турасында да арнайы сөз болды. Өңір 49 млрд кВт•сағ электр энергиясын өндірді. Бұл елімізде өндірілген энегргияның бойынша 40%-ы. Алдағы уақытта тағы да жаңа энергия қуаттары мен жаңартылатын энергия көздерін іске қосу жоспарлануда.

Жиын соңында облыс әкімі Президент жүктеген міндеттерді мүлтіксіз орындау барлық мемлекеттік мекемелердің басты міндеті екендігін айтты.