Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Онда жаңа Ата заң жобасының мән-маңызы туралы әңгіме өрбітті.

Конституциялық Комиссия құрамына енген облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко мен Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлзира Атабаева жаңа Атаң заңның қаншалықты қажет екендігіне тоқталды. Олардың айтуынша, қазіргідей жаңарған уақытта жаңа құқықтық тұжырымдар керек.

Гүлзира Атабаева, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, павлодар қалалық мәслихатының депутаты

Әріптестерімізбен бірге Конституциялық реформаның неге қазіргі кезде керек екендігін талқыладық. Оған жауап бар. Сонда қазіргі жұмыс істеп тұрған Конституция қабылданған уақыттан бері уақыт көп өзгерді. Жасанды интеллект пайда болды. Жаңа әлеуметтік желілер пайда болды. Дәл осындай цифрлы дәуірде біздің құқықтарымыз бен міндеттерімізді реттеп алған жөн.

Кездесу барысында спикерлер алдағы Парламенттік жүйедегі, сайлау жүйесінде болатын өзгерістерге де тоқталды.

Илья Теренченко, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, павлодар облысы мәслихатының төрағасы

Қазір уақыт тым жылдам. Мәселен, заң халыққа бір айдан соң, бір жылдан соң емес, қазір керек. Екіпалаталы парламент заңның жылдам қабылдануы жағынан ұзаққа созылды. Сондықтан жаңа Парламент «Құрылтай» бір палаты болып өзгертілмек.

Өз сөзінде спикерлер кәсіподақ өкілдерінен референдум қарсаңындағы қауырт жұмысқа ат салысуға шақырды.