Павлодарда бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараны Павлодар облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы мен Жастар бастамаларын дамыту орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Жәрмеңкеге 45 жұмыс беруші қатысып, 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.
Жәрмеңке тек жұмыс іздеушілерге ғана емес, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен пробациялық есепте тұрған адамдарға да арналды. Мұндай шаралар қалалар мен аудандарда ай сайын, ал облыс бойынша тоқсанына бір рет өткізіледі.
Қазбек Жомартов, Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы директорының М.А.
Тізімде тұрған жұмыс іздеушілердің саны артып келеді. 10 мыңға жауық іздеушелер бар. Жартысы жұмыспен уақытша қамтылған. Қоғамдық жұмыстарға уақытша. Олар әлі кезекте тұрады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, адал еңбек – әділетті қоғамның берік негізі. Өйткені әр адам өз еңбегімен табыс тауып, отбасын асырап, болашағын жоспарлайды. Тұрақты табыс көзі – әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі. Жұмысы бар азамат өзіне сенімді болады, қоғам өміріне белсенді араласады. Сондықтан мұндай жәрмеңкелер халықты жұмыспен қамтып қана қоймай, елдегі әлеуметтік теңдік пен әділдікті нығайтуға да үлес қосады..
Гүлбарам Науразбаева, Павлодар білім саласының кәсіподақ төрағасы
Әрине біздің жастар қоғамда өз орнын табуы керек. Әділетті қоғам болғаннан кейін дұрыс адал еңбек ету керек. Еңбек қауіпсіз болуы керек. Осындай шаралар арқылы онын құнын түсінеміз. Әсіресе жастарға түсіндіруге мүмкіндік бар деп ойлаймын.
Жәрмеңкеге жұмыс табудан үмітті тұрғындар көп жиналды. Келушілер өздеріне қажетті мамандықтармен танысып, жұмыс берушілерден толық ақпарат алды.
Элеонора Нұрғали, студент
Бұл жерде қыздарға күшті жұмыс ұсынып жатыр. Көмекші ретінде қызметі ұсыныдып жатыр. Яғни ол жерге тест тапсырмай ақ өте алады екенбіз.бұл жастарға берілген бақ деп айта аламыз. Жақсы мүнмкіндік деп айта аламыз.
Айта кетейік, мұндай бос орындар жәрмеңкесі алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Дильназ Қуанышбекқызы