Кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, сарапшылар, заңгерлер Жаңа Конституция жобасын талқылады. Құжатта қай бағыттарға басымдық берілу керектігін де айтты.

Жаңа Конституция жобасын бекітетін референдум елдің болашағын айқындайды. Сондықтан ел үшін маңызды құжатты бекітерде талқылау, пікір алмасу процесі маңызды.

Гүлзира Атабаева, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап біздің елімізде саяси өзгерістер орын алып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының өзі Құрылтайда айтқан еді. Ол Коституциялық комиссияда жалғасын тапты. Бұл өзгерістер неге дәл осы уақытта деген сұрақ бәрімізді алаңдатады. Алдымен, 1995 жылғы Конституция өзінің жұмысын толық атқарды десек болады. Ол елді тұрақтылықпен қамтыды. Осы 30 жыл ішінде аталмыш құжат көп өзгерді. Бірақ соңғы жылдар әлемде біраз дүние өзгерді цифрлық кезең келді. Сондықтан құжат өзгеруінің маңызы бар.

«Аманат» партиясының облыстық филиалында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шараға кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, сарапшылар, партия мүшелері қатысты.

Ерғанат Әбенов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ПОФ басшысы

Дәстүрдің де заңның да озығы болады, тозығы болады. Сондықтан тозығыны ескеріп, озығын қолдап, қабылдау керек. Өмір өзгеріп жатыр, соған байланысты жаңа Конституциямыздың жаңа нәрселер ескеріліп жатыр.

Кездесу барысында Негізгі заң жобасының ережелері бойынша ашық диалог ұйымдастырылып, елді дамытуға бағытталған бастамалар талқыланды.

Салтанат Әубәкірова, профессор

Менің ойымша ғылым мәселесі Конституцияда орын алады. Біз Қазақстан бәсекеге қабілетті болу үшін даму керекпіз. Ғылымнан алатын пайда болу керек. Түсінікті болу керек деп есептеймін.

Жаңа Конституция болашақ үшін жұмыс істейтін құжат. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға, билік тармақтарының тепе теңдігін нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Самал Қалиқызы