Павлодар облысында да «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясы құрылды. Ол Конституция жобасын қоғамға кеңінен таныстыру мақсатында жұмыс істейді. Құрамында 130 дан астам мүше мен 7 жұмыс тобы болады. Толығырақ тілші сюжетінде.
Жаңа Конституция жобасы – сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ұзақ әрі тиянақты еңбегінің нәтижесінде әзірленген бірегей тарихи құжат. Құжат қабылданғаннан кейін оның негізгі ережелері конституциялық заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер арқылы жүзеге асып, елдің жаңартылған құқықтық негізін қалыптастырады. Сондай-ақ жоба тарихи сабақтастықты ескере отырып әзірленгені атап өтілді. Жаңартылған преамбуладан бастап нақты баптарға дейін қамтылған. Бөлім тармақтарын қоғамға кеңінен түсіндіру мақсатында өңірде арнайы коалиция құрылды.
Асылбек Туғанбай, «Аманат» партиясы ПОФ төрағасы
Республикалық штабқа 5 партия 300 қоғамдық ұйым кіреді. Өңірлік штабқа 130 ға жуық партиялардың мүшелері кіреді. Штаб референдумға байланысты айналысатын болады.
Облыстық коалицияның құрылымы 7 жұмыс тобынан тұрады. Олардың төрағалары мен мүшелері бекітілді. Олар күн сайын өңірдің қала, аудан, елдімекен тұрғындарымен кездеседі. Өңірлік коалицияның құрылуы конституциялық реформаларды кеңінен насихаттау мен түсіндірудің тиімді тетігі болмақ.
Самал Қалиқызы