Жаңа Конституцияның жобасы – ел дамуының жаңа бағытын айқындайтын маңызды құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік саланы нығайту және қоршаған ортаны сақтау мәселелері кеңінен қамтылған. Қоғам бұл бастаманы ел болашағына жасалған жауапты қадам деп бағалайды.

Жаңа Конституция жобасы елдің болашағын айқындайтын маңызды негіз болмақ. Қоғам белсенділерінің айтуынша, жаңа жоба – әділетті қоғам құруға жасалған нақты қадам.

Рамиль Смаилов, Павлодар облысындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің төрағасы

Жаңа Конституция жобасы – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын маңызды құжат. Бұл – болашаққа бастар қадам. Қазіргі кезең – еліміз үшін тарихи сәт. Әсіресе білім мен денсаулық сақтау саласының жаңа қырынан қарастырылуы – адам дамуына жасалған жағдай. Жалпы, бұл жоба азаматтарға бағытталған деуге болады. Әрбір норма азаматтың бақытты өмір сүруіне және жан-жақты дамуына негізделген.

Құжатта экология мәселесі де жеке бөлім ретінде қарастырылған. Бұл – қоғамды алаңдатқан өзекті тақырыптардың бірі. Яғни, тек табиғатты қорғау ғана емес, келешек ұрпақтың өмір сапасы туралы.

Рамиль Смаилов, Павлодар облысындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің төрағасы

Экология мәселесінің Конституциялық деңгейге көтерілуі – өте маңызды шешім. Әр азамат таза ауа жұтып, сапалы су ішіп, қолайлы ортада өмір сүруге лайық. Бұл нормалар – дені сау әрі қауіпсіз болашақтың кепілі. Біз табиғаттың бір бөлшегіміз, сондықтан оны қорғау – ортақ міндет.

Жаңа Конституция жобасы ұзақ мерзімді дамуға бағытталған құжат. Онда адам құқығын қорғау, әлеуметтік жауапкершілік және қоршаған ортаны сақтау мәселелері өзара үйлестірілген. Бұл – тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптастыруға арналған берік құқықтық негіз.

Сабина Жолдаспаева