Облыс орталығында Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым көрсетілді. Әуелі еске алу шарасы соғыс құрбандарына арналған паркте гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
Кездесуге келген ардагерлер, қала тұрғындары сол зұлмат соғыста шейіт болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін ескерткішке гүл шоқтары қойып, өшпес ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі етті.
Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы
Осыдан 37 жыл бұрын Ауғанстан жерінен шығарылған сарбаздардың жүрегінде– бейбіт өмір, татулық сыйлау болды. Бұл – адамзат өміріндегі ең басты құндылықтар ғой.. Сондықтан біз әрдайым қиын-қыстау кезеңде ел үшін жанын қиған жерлестеріміздің рухына ерекше құрмет көрсетуіміз керек. Оларды еске алу – біз үшін үлкен мәртебе. Өскелең ұрпақ үшін бұл – отансүйгіштік пен бір-біріне деген сыйластықты дәріптейтін тағылымды үлгі. Жерлестеріміздің жарқын бейнесі мен ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталсын.
Жат жерде өткен соғыс жерлестеріміздің жүрегіне жара салды. Ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың жауынгер аттанған. Қазір Павлодарда осы соғысқа қатысқан 300 ден астам ардагер тұрады.
Сағадат Жұмабаев, ауған соғысының ардагері
1981 жылы әскерге шақырылдым. Сонда 3 ай Аягөзде болдым каратинде Ауғанға түстік 1981дың маусым айында мен 371 мото атқыш полкта болдым. Жүргізуші, сол 2 жыл жүргізуші болып істедім сонда. 1983 жылдың шілдесінде үйге оралдым. Сол үйде жұмыс істедік, үйлендік. Енді бүгін міне жылдағыдай қайтқан балаларға жігіттерге соларға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып жиналамыз осылай.
Кейін негізгі шара өткеннен кейін қалалық мәдениет сарайында жауынгерлердің құрметіне мерекелік концерт өтті. Онда жергілікті өнерпаздар ән айтып, көреремнедердің жылы ықыласына бөленді.
Әйгерім Тоқпанқызы