Елімізде 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Енді түпкілікті шешімді халық қабылдайды. Бұл еліміздің демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет екенін көрсетеді. Қазір депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері мекемелерге барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұндай кездесулердің бірі кардиологиялық орталықта өтті.

Референдум – халықтың белгілі бір маңызды мәселе бойынша тікелей дауыс беру арқылы шешім қабылдау формасы. 15 наурыз күні ел азаматтары таңдау жасап, мемлекеттің басты құжатын бекітеді. 11 бөлім, 96 баптан тұратын заң жобасының мазмұнын халық қалаулары дәрігерлерге түсіндірілді.

Қобыланбек Қожин, Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы

Жалпы қызығушылық танытып отырған 43,92 бап 92 бапта көрсетілген баптарға өзгерістермен толықтыруларды тек қана Қазақстан халқы референдумда қабылдай алады деп. Ондай бұрын болмаған, қазіргі енді ата заңымыздың шеңберінде ондай мүмкіншілік үкіметте бар. Парламентте бар, Президентте бар. Толықтырулар мен өзгерістерді енгізетін. Жұмысымызды жалғастырып жүрміз.

Жаңа конституция – жаңа бағыт. Даму бар жерде прогресс бар. 84 пайыз жаңартылған Ата заң – мемлекеттің басты құндылығы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Әйгерім Тоқпанқызы