Павлодарда ралли-спринттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 40-қа жуық экипаж қатысты. Автоспорт жарысына куә болып келген, тілшіміз жалғастырсын.

Ралли – ашық және жабық жолда жүргізілетін автожарыстың түрі. Оған адреналинді жақсы көретін, көліктің рөлін еркін қорқынышсыз басқаратын жүргізушілер ғана қатыса алады. Тіпті бұл спортты дәстүр қылып жалғастырған династиялар да бар.

Максим Вотчел, автошабандоз

Мен Вотчелдер династиясының автоспортпен айналысатын үшінші ұрпағымын. Мен пежода, ағам калинада жүреді. Әкем ағамның экипажында штурман болып отырады. Атам да кезінде автожарыстарға қатысатын. БӘріміз Астана қаласынанбыз. Ралли бұл автоспорттың ең қиын түрлерінің бірі. Бұл жерде екі адамға байланысты. Жүргізушінің жанында штурман отырғанда, ол жолдың қандай екенін айтып отырады.

Раллидан ҚР чемпионатының 3-4 кезеңі Павлодарда өтті. Оған қатысуға 40 экипаж келді. Автоспортшылар 5 класс бойынша жарысты. Жалпы раллиде жеңіс пилот пен штурманға байланысты. Екі адамның өзара байланысы, үндесуі жолдағы кез келген қауіпті сәттердің алдын алады.

Юрий Кичман, автошабандоз

Мен штурман ретінде осы жарысқа қатысып жатырмын. Пилот менде Жуков Никита. Біз Петропавлск қаласынан Павлодарға чемпионатқа қатысуға келдік. Мында осымен үшінші жыл қатарынан келіп отырмыз. Ылғи алғашқы орындарды алуға тырысамыз. ҚР чемпионаты классында Хонда көлігінде жарысқа шығамыз. Ең біріншіден штурман да пилот та сабырлы болу керек. Олар қобалжи бастағанда ол нәтижеге әсер етеді. Сондықтан барынша бір бірінді тыңдап, позитивпен жолға шыққан дұрыс.

Чемпионат аясында спортшылармен қатар көрермендер де адреналин сезінді.

Самал Қалиқызы, тілші

Сонымен биыл алғаш рет дрифт такси ұйымдастырылды. Қонақтар мен көрермендерге арналған. Мен де көргім келеді.

Мұздың үстінде шеберлік пен жылдамдық билік құрғанда, автоспорттан алыс адамды еріксіз қорқыныш билеп алады. Әр бұрылыс пен қиылыста не барын жүргізуші ғана біледі. Жалпы бұл жарыс үшін біздің Усолка өзені ыңғайлы дейді ұйымдастырушылар.

Екатерина Чигрина, ҚР «Автомотоспорт» федерациясының Павлодар облысы бойынша өкілі

Көбінесе ралли спринттан Астанада жарыстар өтеді. Былтыр Астана мен Көкшетауда 1,2 кезеңдер өтті. 3-4 кезеңдер біздің Павлодарда ұйымдастырылды. Көп спортшылар біздің Усолканы ұнатады. Алдымен мұз ыңғайлы, ағаштар бар, жалпы пейзажға қызығады. Одан бөлек, бізде көрермендер өте көп болады. Жылдан жылға көрермендер қатары артып келеді.

Сонымен, чемпионатта әр класс бойынша 7-8 экипаж бақтарын сынады. Үздіктер жеңіс тұғырынан көрінді.

Самал Қалиқызы