Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге арнайы салық режиміне көшу тәртібін түсіндірді. Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін хабарламаны 28 ақпанға дейін тапсыру қажет.
Егер белгіленген мерзімде хабарлама ұсынылмаса, салық төлеуші тікелей жалпыға бірдей салық салу тәртібіне өткен болып есептеледі. Кездесулер облыстың сауда орталықтарында өтті. Мамандар кәсіпкерлерге жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану тәртібін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын баяндады.
Төлеген Шаймарданов, мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы
Акцияның мақсаты салық төлеушілер арнайы спецрежимді қалай таңдау керек. Оның мерзімі 28 ақпанға дейін таңдап, өткізу керек. Біздің мамандар арнайы шығып, көрсетті. Қалай оңай тәсілмен таңдауға болады. Қазіргі күні облыс бойынша 45 мыңнан астам салық төлеуші өту қажет. Бүгінгі күні 80 пайызы өтті. 7500 адам қалды. Тез өту керек.
Хабарламаны бірнеше тәсілмен жолдауға болады. «E-Salyk Business» мобильді қосымшасы арқылы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тікелей барып тапсыруға мүмкіндік бар.
Сабина Жолдаспаева