Облыстық ауруханада жаңа ата-заң жобасына енгізілетін өзгерістер туралы айтылды. Кездесуге мәслихат депутаттары мен медицина қызметкерлері қатысты. Шара ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Ақ халаттылар өздерін толғандырған сауалдарын тікелей депутаттарға қоюға мүмкіндік алды.

Жиынға мейірбикелер, бөлім басшылары, дәрігерлер мен аурухана ұжымы жиналды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік саланы қолдау, экологияны сақтау бағытындағы өзгерістер сөз болды.

Ақылбек Бижанов, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының ревматология бөлімшесінің меңгерушісі

Конституцияның төменінде тұрған барлық заңдарға әсер етеді. Бәрімізге мәлім. Қандай өзгерістер болатынын естідім. Бұл біздің мемлекетіміздің структурасының толық өзгереді.

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, дәрігерлердің еңбек жағдайын жақсарту және халыққа көрсетілетін көмектің қолжетімділігі туралы сұрақтар қойылды. Конституция – ел болашағын айқындайтын құжат.

Сабина Жолдаспаева