Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің негізгі тірегі адами капитал екендігін көрсетеді. Өйткені, преамбулада еліміз өзінің даму жолында мәдениет пен ғылымды, білім мен инновацияны бағдарға алатындығы нақтыланған. Облыстық кітапханада мәдениет қыметкерлермен, қоғамдық бірлестік өкілдері және жастармен кездескен Мәжіліс дептутаты Жарқынбек Амантай осындай пікір білдірді.
Қазір Мәжіліс депутаттары, жалпыұлттық коалиция өкілдері аудан, ауылдарды аралап халықпен жүздесуде. Жаңа Конституциядағы басым бағыттар мен негізгі құндылықтар жайлы кеңінен айтуда. Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай мәдениет қызметкрелері, қоғамдық бірлестік өкілдері және жастармен жүздесті. Жаңа Конституция жобасындағы кіріспен мазмұнында ел болашағының негізгі тірегі болар ұстанымдар айтылғандығын жеткізді.
Жарқынбек Амантай, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Кіріспеде барлық негізгі мазмұны қысқаша берілген. Преамбуланың әр сөзіне терең тоқталуға болады. Онымен өздеріңіз де таныстыңыздар деп ойлаймын. Ол жерде мынадай сөздер енізілген соған акцент қойғым келеді. «Біз, біртұтас Қазақстан халқы!». Бұл дегеніміз ұлтына қарамай, наым-сеніміне, ешқандай ерекшелігіне қарамай ұйыстыратын түсінік деуге болады. «Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жеріндегі мемлекеттік нығайты отырып, ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығын сақтап» дейді. Яғни, білесіздер біздің еліміздің мемлекеттілігі жайлы, тарихы жайлы солақай пікірлер айтылып жатты. Осының барлығына «ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығын сақтап» деген сөйлем арқылы оны Ата заңымызға енгізу арқылы осындай пікірлерге нкте қойылып отыр.
«Әлем жаңа бетбұрыс кезеңінде. Ең үлкен байлық адам және оның өмірі екендігін күллі адамзат жан-тәнімен сезінуде. Осыған орай мемлекетіміздің негізгі даму бағыты да адами капиталға негізделмек., Жаңа Конституцияның басты бағдары, Орта Азия елдері арасында цифрлық құқықты алғаш болып Ата заңда бекітудің мәні осында» деді дептутат.