Синоптиктердің болжамына сәйкес, Павлодар облысында наурыз айында ауа райы құбылмалы болмақ. Айдың орташа ауа температурасы -3 пен +9 градус жылылықты көрсетеді. Бұл көпжылдық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары.

Айдың алғашқы онкүндігінің бірінші жартысында түнгі ауа температурасы -13-18 градустан -8-13 градусқа дейін жылынады. Күндіз -3-8 градустан -3 пен +2 градусқа дейін көтеріледі. Алайда осы кезеңнен кейін қайта суыту байқалады. Түнде ауа температурасы -19-24 градусқа дейін төмендейді. Күндіз -7-12 градус аяз сақталады.

Мұхаммед Бақтыбай, Павлодар облысы бойынша инженер-синоптик

Екінші онкүндікте күн біртіндеп жыли бастайды. Түнде -19-24 градустан -3 пен +2 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз -7-12 градустан +7-12 градусқа дейін жылынады. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +15 градусқа дейін жетуі мүмкін. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейден көп болады деп болжанып отыр. Екінші онкүндіктің ортасы мен соңында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің басы мен ортасында жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы ай бойы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Айдың соңғы күндерінде және екінші онкүндікте тұман жиі түседі деп күтілуде.

Үшінші онкүндікте ауа райы тұрақсыз болады. Түнде температура -3 пен +2 градус аралығынан -8-13 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік аймақтарда шамамен -5 градус болады. Күндіз +7-12 градустан +15 градусқа дейін жылынады.

Сабина Жолдаспаева