Игерілмеген жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, қайтарып қана қоймай ауыл шаруашылығы айналамына енгізу жер қатынастары саласының негізгі бағыттарының бірі. Ал, ауыл тұрғындары үшін қажет жайылым тапшылығын жою жұмыстары да әлі де өзекті. Облыстық аппарат кеңесінде осы мәселе де талқыға түсті.

Президент мемлекет меншігіне қайтқан жерлерді қайтадан айналымға енгізуді басым бағыт ретінде көрсетті. Сол тапсырмаға сәйкес барлық аудандар бұл жұмысқа белсене кірісіп кеткен. Ведмоства басшысы кейбір аудандарды қоспағанда бұл жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр.

Мұрат Хамитов, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы

Өткен жылы ауыл шаруашығы айналымына тарту жоспарын Ақтғай ауанын қоспағанда барлық өңірлер орындады. 196 мың гектар айналымға енді. Жоспар 180 мың гектар болды. 2026 жылғы орындау жоспары 238 мың гектар болып бекітілді.

Ақтоғай ауданы қайтарылған жерлерді айналымға енгізу ісінде ақсап жатса, Тереңкөл және Ертіс аудандарын жер конкурсын өткізуде тым кешеуілдеген. Облыс әкімі мемлекет басшысы тікелей тапсырып отырған саланы ақсатуға болмайтындығын айтты.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Тапсырмаларды орындау институты сағат секілді жұмыс істеуі керек. Тапсырма берілді ме орындалуы керек. Егер орындалмаса объективті себептері дәлелденіп, хаттамаға өзгеріс жасап мерзімін ұзарту керек. Егер ешқандай іс-әрекет жасалмаса оның сұрауы болуы керек. Сұрауы болғанда лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тару керек.

Сонымен қатар жиында аймақтық әкімшілік бөлініске қатысты даулы мәселер де шешіліп жатқандығы айтылды.

Мұрат Хамитов, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы

Ағымдағы жылы Куртатов қаласына Абай обылсына беру аяқталуда. Баянауыл мен Оскаровка аудандары арасындағы көпылдық жер дауы аяқталды. 2026 жылы бұрынғы Семей ядролық полигоны жерлерін Май ауданына ауыстыру жүзеге асыру жоспарланған. Бұнда 434 мың гектар жер мал шаруашылығы дамыту, пайдалы-қазбалы орындарды игеру көзделуде.

Жиын соңында 1-желтоқсанға дейін пайдаланлмай жатқан 70 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару тыпсырылды. Сондай-ақ, 15-шілдеге дейін қолдануға жарамсыз жерлер реттелуі керек, 1-тамызға дейін жайылымдық жер тапшылығы қысқаруы тиіс.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Цифрлық технологиялар басқармасы жер қатынастары басқармасымен бірлесіп жер учаскелерін жалда, мерзімдік шарттары бақылау туралы цифрлық модульн пысықтап ұсыныс ретінде енгізсін.

Еліміз, оның ішінде Павлодар облысы ауыл шаруашығы саласын айрықша дамытуға бағыт алағандықтан, бұл бағыттағы жұмыстарды кешеуілдетудің еш негізі болмау керектігі айтылды.