Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірлігінде жетінші мәрте өткен «SWAT Challenge» сайысының жүлдегерлерімен кездесті. Аталған турнирде үздіктер сапынан көрінген павлодарлық әскери қызметші бүгін қалаға оралды. Оны тұрғындар салтанатпен қарсы алды.

7 және 11 ақпан аралығында Дубайда халықаралық арнайы жасақтар турнирі өтті. Оған әлемнің 48 елінен 109 команда қатысты. Жерлесіміз «Kazakhstan А» құрамасының мүшесі ретінде екінші орынды иеленіп, әлемдік рекордты жаңартты.

Темір Ахметов, «UAE SWAT CHALLENGE-2026» сайысының жүлдегері

«Өзім мергенмін, төрт бірдей жарысқа қатыстым. Екінші жаттығу – төртінші, бесінші этажға көтеріліп, мергендіктен додаға ату керек болды. Ол кезде мен 18 секундта көтеріліп атып, елге мировой рекорд әкелдім. Бұл – мировой рекорд – 18 секундта бұлай әлі ешкім атпаған. Одан кейін үшінші жаттығуда мен жүгіріп, төрт бірдей үш отметка дөңгелекке атып, тигізу керек болды. Сол атып, рекорд жасадық, бірінші орын алдық. Төртінші жаттығу болды – екі мерген жүгірдік. Бесінші жаттығу – полоса препятствий. Ол кезде командамен өту керек болды. »

Кейіпкеріміз бала кезінен спортқа бейім болған және әскери қызметші болуды мақсат еткен. Бүгінде сол мұратына жетіп, биік белестерден көрініп келді. Бұл туралы әкесі мақтанышпен айтты.

Ғалымжан, Темірдің әкесі

 «Әрине, енді өз ұлыма айтарым – жеңісі құтты болсын. Мынау жат елге – Дубайдың төріне барып тұрып, еліміздің намысын абыроймен қорғап, осылай қанжығасын беліне байлап, осындай жүлделі орын алып келгені – ол тек біздің отбасымыздың ғана емес, мына біздің еліміздің, халқының абыройы деп ойлаймын»

Халықаралық жарыста еліміздің абыройын асқақтатып қайтқан маманды Павлодарлықтар салтанатты түрде қарсы алды. Сый-құрмет көрсетіп, шашу шашып, жеңісімен құттықтады.

Жұлдыз Қабылденова