Биылдан бастап іске қосылып жатқан «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы Павлодар облысында толыққанды іске асуы үшін қандай шаралар қабылдануда? Бүгін өткен аппарат отырысында осы мәселе талқыланды.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы негізгі төрт бағыттан, 10 индикатордан тұрады. Балалардың құқығын қорғау, қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, инклюзивті ортаны дамыту сияқты көптеген бағыттарды қамтитын бірыңғай құжат. Бұл бағдарламасы іске асыру үшін облыста мынадай шаралар іске асырылады.

Алма Айтуарова, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Тұжырымдма шеңберінде 2026 жылдың 1-қыркүйегінен бастап мектептерде міндетті болып табылатын «өмір сүру төзімділігі» тақырыптары, «педагог-психолог» сабақтары енгізілу жоспарланда. Нәтижесінде проблемалық жағдайларды анқытау үшін стресске тұрақты жағдайды қалыптастырады. 2027 жылдың қыркүйек айынан бастап психолог-педаготардың жалақсы артады. Осы мақсатта 124, 9 млн теңге бөліну жоспарланған.

Балаларға жасалатын кибербуллинг, қоршаған ортадан төнетін қауіптен қорғау мәселесіне де бас мән берілмек. Бұндай жағдайда әлібетте педагогтарға да көптеген жауапкершілік артылады.

Алма Айтуарова, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Баланың білім алу құқығы бойынша әр баланың сапалы білім алуының нақты және тең мүмкіндіктері қарастырылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың кәсіби педагогикалық әдеп тұрақтылығы қамтмасыз ету. Тәрбиешілердің жыл сайын психологиялық диагностикасы өткізіледі. Бұл - балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға күшейтеді. Ерекше балаларға қосымша қолдау кабинеттері ашылатын болады.

Демек, педагогог, психолог мамандарының тапшылығы мәселесін шешу кезек күттірмейді. Қазіргі уақытта 28 педагог-психологтың, 16 логопед, 22 дефектологтың орыны бос тұр. Алма Айтуарова бұл бағытта ЖОО лармен келісім жүріп жатқандығын айтты. Аймақ басшысы жаңа тұжырымдаманы сапалы іске асыру жолында тиісті мекеме басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді. Әуелі бұл тұжырымдаманы іске асыру міндетіне жауапты адамдар тізімін жасау керектігін айтты.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Сонымен қоса мектептер мен колледждерде «заң мен тәртіп» идеологиясын кеңейту қажет. «Таза Қазақстан» акциясын да балаларды тәрбиелеу үшін идеологиялық платформа үшін қолдану керек. Денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау ісін күшейтсін. Полиция департаменті жасөспірімдер қылмысын азайту жөнінде шаралар қабылдасын.

Сондай-ақ, тұжырымдаманың сапалы іске асуына барлық құзіретті мекемелер жауапты екендіктерін сезініп, тұрақты бақылауды ұстау керектігін айтты.