Былтыр теміржолда малдың шығып кетуіне байланысты 23 шұғыл тежеу дерегі тіркелді. Оның 16-сы кешкі уақытта болған. Биыл 6 жағдай анықталды. Мамандардың айтуынша, негізгі себеп – малдың қараусыз жайылуы.

Әсіресе елді мекендерге жақын аймақтарда қараусыз жүрген үй жануарлары жиі кездеседі. Талапқа сәйкес, теміржол желісінен 300 метрге дейінгі аумақта малды тек байлап жаюға рұқсат беріледі. Ал теміржолдан 2000 метрге дейінгі қашықтықта мал айдалатын болса, иелері бақылап жүруге міндетті.

Айдар Хамзабаев, Павлодар жол қашықтығының инженері

Теміржолға малдың шығуының салдарынан біздің поездың, жолаушылар тасымалдайтын поездар кестесінен қалып, кешігу жағдайлары тіркелді. Биыл қаңтар, ақпан айларының өзінде 6 жағдай тіркелді. Былтыр 2025 жылда бір жылдың ішінде 23 жағдай болған. Сіздер өз тараптарыңыздан малдарды қарап, бағусыз жағдайларынан теміржолға шығып кетеді. 6 жағдайдың бәрінде айыппұл салынды малдың иелеріне. Сондықтан қазір поездардың тежегіш қолдануы, қозғалуы оның бәрі уақыт жоғалтады.

Мамандар тұрғындарды малды қараусыз қалдырмауға шақырады. Қауіпсіздік талаптарын бұзғандар заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Сабина Жолдаспаева