Облыстық Жалпыұлттық коалиция филиалында өңір жастары мен блогерлердің қатысуымен кездесу өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты. Басқосу барысында жаңа Конституция жобасы мен ондағы жаңартылған нормалар кеңінен талқыланды.
15 наурыз – ел үшін маңызды күн. Бұл күні қазақстандықтар референдумға қатысып, өз таңдауын жасайды. Ата заңға өзгеріс енгізу – уақыт талабы әрі елдің ілгері дамуына жасалған нақты қадам. Қазіргі таңда Жалпыұлттық коалиция әр бапты халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін өңір жастарына да құжаттың негізгі бағыттары таныстырылды.
Еркін Құсан, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты
Біздің елімізде жаңа Конституция жобасы таныстырылып, қазіргі таңда 4 мың азаматтан өтініш келіп түсті. Бұл өте маңызды кезең. Өйткені әрбір саяси реформада дәл осындай өтініштің диалог алаңында қалыптасуы бұл заңдылық. Жаңа конституция жобасындағы жалпы маңыздылықты айтып өтетін болсақ, бұл расыменде біздің мемлекетімізде адамның құндылығы ең бірінші орында екені белгілі. Және Қазақстан 35 жылда әлі даму мемлекет болып даму үстінде және дамыған мемлекетке айналуымыз үшін осы құжат конституция болатын болса ол конституцияның референдум арқылы бекітуіміз халықтың дауыс беру арқылы тағы бір заңдылығымыз және мелекетіміздің беріктігі, және мелекеттік бірлігі.
«Біз, біртұтас Қазақстан халқы…» деп басталатын преамбулада тарихи сабақтастықты сақтай отырып, ел болашағын айқындау туралы жазылған. Ал жобаның 31-бабының 2-тармағында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де түрлері мен қайырымдылық қызметті қолдау көзделген. Бұл тармақ жастар тарапынан қолдау тауып отыр.
Жазира Бөпелекова, «Жастар рухы» жастар қанатының мүшесі
Ең ұнайтын баптардың бірі бұл еріктілер жайлы бап. Өздеріңіз білетіндей биылғы жыл еріктілер жылы болып қабылданған болатын. Еріктілер Қазақстанның бірігетін күштері. Қарттарға көмектесу болсын, жағдайы төмен отбасыларға көмектесу болсын барлығы кіретін жағдаят деп ойлаймын. Маған осы еріктілер бабы, ерікті болу жаныма жақын.
Жалпыұлттық коалиция алдағы уақытта да Конституция жобасын түсіндіру жұмыстарын жалғастырады. Референдум 15 наурыз күні өтеді.
Әйгерім Тоқпанқызы