Павлодарда ең үздік домбыра ансамблі анықталды. Өңірдің 300-ге жуық жас күйшілері бақтарын сынап, сайысты. Толығырақ тілші сюжетінде.
«Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру аясында домбыра ансамбльдерінің сайысы ұйымдастырылды. «Күйші шебері» дәстүрге айналған байқауы дарындыларды анықтап, балалардың бос уақытын сапалы өткізуге бағытталған. Өңірдің мықты деген домбыра ансамльдері бас қосты.
Жансая Жылқайдарова, қатысушы
Менің 8 жасымда апам мен домбыра алып берген. Сонан соң музыкалық мектепке барамын деп шештім. Домбыра тартқан ұнайды. Бұл менің ең ұнататын аспабым. Адай, Еркесылқым, тағы да басқа көп күйлерді білемін.
Байқау ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға, жас ұрпақтың қазақ халқының салт дәстүріне құрметін арттыруға және эстетикалық тәрбие ісіне ықпал етеді.
Ақбота Алтай, қатысушы
Негізі мен конкурстарға барып келгенмін. Республикаға атырауға барып келгенмін. Былай репетуарда күй көп. Көп қатысып жүрмін.
Байқауға өңір мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының домбыра ансамльдері қатысты.
Әбілмансұр Серік, қатысушы
Өзім 9 жастан бастап домбыра тартамын. Менің анам ойнайды. Тұқымымызда бар.
Жалпы байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде ансамльдер міндетті түрде күй орындаса, екінші туынды ретінде ән не халық әнін ұсына алды.
Жақсыбек Ешімқұлов. М.Катаев атындағы оқушылар сарайы басшысының орынбасары
Бүгін бізде адал азамат біртұтас бағдарламасы аясында «Күй шебері конкурсы өтіп жатыр. Осы жылғы жаалығы тек ансамльдер қатысады. 300 шақты өнерпаз сахнада өнерін көрсететін болады.
Байқау қорытындысы бойынша 1,2,3 орындар анықталып, үзздіктер марапатталды.
Самал Қалиқызы