Ақпан – өтеусіз қан донорлығы айы. Осыған байланысты қоғамда ерікті түрде, өтеусіз донор болу мәдениетін қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі бүгін облыстық қан орталығында өтті.

Облыста біршама мәрте қан тапсырып, көптеген жанға көмек берген тұлғалар бар. Олардың бірі – Сапарғали Әлжанов 18 жасында алға рет донорлыққа қан тапсырған. Кейін оны дәстүрге айналдырып, 98 рет қан доноры болған. Отбасы мүшелері медицина саласында қызмет еткендіктен, көмекке мұқтаж адамдарға қол созудың маңызын жастайынан түсіген.

Сапарғали Әлжанов, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалінің иегері

 «Қараңыз, мені жетпісте деп айта аласыз ба? Меніңше, түріңіз жас болады. Көңіліңіз көтеріңкі болады, қанша адам сізге рақмет айтады. Арасында көшеде балалар жүрігіп келеді «ата, рақмет» деп. Ондай жағдай екі рет болған: бір рет – Алматыда, бір рет – Екібастұзда. Мен 25 жыл ЕКібастұзда жұмыс істедім. Сонда «маған атам айтты, мен ауырып жатқанда 15 кісі автобуспен барып тапсырдық. Денеңіз мықты болады, кісілер риза болады. Сосын ұрпақтар көреді. Сондай үлгі болады».

Қан орталығы облыстағы өзге де денсаулық сақтау мекемелермен тығыз жұмыс істейді. Солардың бірі – облыстық кардиология орталығы.

Елена Коченгина, облыстық кардиология орталығының трансфузиолог-дәрігері

«Алдымен біздің орталық Павлодар облысы бойынша қан компоненттерін пайдаланатын негізгі мекемелердің бірі екенін атап өткім келеді. 2025 жылы біз шамамен 4000 доза қан компонентін алып, оны емделушілерімізге құйдық. Орталықта күн сайын жүрекке, қан тамырларына көптеген ота жасалады. Ал ота жасау үшін міндетті қан компоненттерінің жеткілікті қоры болуы керек. Бей-жай қалмай Емделушілердің өмірін сақтап қалу үшін донор болатын жандарға алғысы айтқымкеледі. Сондай-ақ, қан орталығының қызметкерлеріне де ризашылығымды білдіремін. Себебі олар бірбен тәулік бойы, жұмыс күндері де, демалыс күндері де, мерекелерде де күндіз-түні бірлесе үздіксіз қызмет атқарып келеді»

Адам денсаулығы – баға жетпес құндылық. Сын сәтінде дәрігерлермен қатар, қарапайым адамдар да өзгенің өмірін сақтап қала алады. Осы ретте дөңгелек үстелде қан орталығы жұмысының нәтижелері, донор болудың маңызы, игі істі насихаттау туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, танымдық видеоролик көрсетілді.

Жұлдыз Қабылденова