Ел болашығы білімді жастардың қолында деп жиі айтамыз. Ал, жаңа Конституция оны ең жоғары Ата заң дәрежесінде бекітпек. Павлодар тұрғындары дәл осы бастама ел болашығы үшін аса маңызды екендігін айтады.

Біз қазба байлығы мол, жер көлемі үлкен елдердің қатарындамыз. Осыншама дархан даланы сақтап, сақтап қана қоймай болашаққа үлкен жітістігімен табыстау үшін көп міндетті атқару керек. Сол міндеттерді атқару үшін үлкен білім қажет. Жаңа Конституция осы бағдарды үлкен деңгейде бекітеді дейді павлодарлықтар.