Биыл өңірде мұз сарайы, жаңа стадион және Конгресс-холл пайдалануға беріледі. Жауаптылар нысандардың құрылысы жоспарға сай жүргізілуде деп айтады. Қаржыландыру көздері айқындалып, мердігерлер анықталған. Егер белгіленген мерзім сақталса, әлеуметтік маңызы бар ғимараттар кезең-кезеңімен ел игілігіне берілмек.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл өңірімізде 5 ірі әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы басталады. Оның төртеуі облыс орталығында бой көтермек.

Бұл жобалар – тек жаңа ғимараттар емес.Мұндай инфрақұрылым аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттырып, шағын және орта бизнеске де серпін береді. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр өңірде 30 медициналық нысан қолданысқа берілді. Бұл көрсеткіш денсаулық сақтау инфрақұрылымының қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.

Азамат Маңғұтов, Тереңкөл ауданының әкімі

Бұл медициналық пункт мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыру бағдарламасы аясында салыны. Ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету. Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі, осы нысан соның нақты дәлелі. Жаңа медициналық пункт заманауи талаптарға сай бой көтеріп ауыл халқының қажеттілігін толық қамтамасыз етуге бағытталған.

 Егер бұрын шалғай ауылдың халқы аудан, облыс орталығына барып ем қабылдаса. Енді бұл мекемелердің салынуымен еш жерге бармай ақ жергілікті жерде алғашқы медициналық көмек ала алады. Себебі, әр ғимарат заманауи жабдықпен қамтылған. Жалпы, соңғы жылдары ауыл инфрақұрылымын жаңғырту қарқын алған. Спорт пен денсаулық ұштасқан сала. Салауатты өмір салтын ұстанған азаматтар саны жыл артып көбейіп келеді. Бұған елдімекендерде бой түзеп жатқан спорт нысандарының ашылуы дәлел.

Бұл нысандар саны біздің өңір ел бойынша алдыңғы қатарда екенін көрсетеді. Дегенмен, шалғай ауылдарда спорт инфрақұрылымына сұраныс әлі де жоғары.

Азамат Имашев, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Дене шынықтыру сауықтыру орталықтары ол халыққа деген және балалардың спортпен айналысуына арналған үлкен қадам. Мемлекет басшасының тапсырмасы бойынша мұз айдыны салынады. Осы 3 нысан 2027 жылдың сонына дейін бітеді деп тұрмыз.

2026 жылы Ақтоғай ауданының Ақжол ауылында, Ақсу қаласының ауылдық аймағына қарасты Пограничник, Алғабас, Жолқұдық және Еңбек ауылдарында тоқтап қайта жанданған 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қайта басталады.

Азамат Имашев, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Жалпы дене шынықтыру сауықтыру кешендері министрліәктің берген интекаторлары бар. Халықты 2029 жылға дейін 100 пайыз дене шынықтыру кешендерімен қамту. Біз павлодар облысы өңірлермен қарасақ 74 пайызға жеттік. Республика брйынша бірінші орында тұрмыз.

Қазір облыс халқын спорт нысандарымен қамту деңгейі 74 пайызға жетті. Бұл – республика бойынша жоғары көрсеткіш. Ал 2029 жылға дейін 100 пайыз қамту межесі қойылған.Сонымен қатар биыл Павлодар қаласындағы ұзақ уақыт тоқтап тұрған жекеменшік аквапарк құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, 3 жаңа медициналық нысан салынып, 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. Ертіс ауылында бассейн, Мичурино ауылында мәдениет үйі ашылады.

Жалпы, соңғы жылдары өңірде әлеуметтік инфрақұрылымға басымдық беріліп келеді. Жаңа нысандар халықтың өмір сапасын арттырып қана қоймай, аймақтың экономикалық әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.Алайда негізгі мәселе – құрылыстың сапасы мен уақытылы аяқталуы.

Дильназ Қуанышбекқызы