Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаларына заңдылық, кәсібилік, жауапкершілік және ашықтық жатады. Мамандардың әр іс әрекеті азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлануы тиіс. Облыстың мемлекеттік қызметшілері бұл қағидаларды қаншалықты сақтап жүр? Мәселе Павлодар облысының әкімдігінің аппарат отырысында қаралды.
Биыл Павлодар облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес отырысында 9 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары қаралған. Олардың біреуі атқарып отырған лауазымынан босатылды. Бұл жақсылыққа апармайтын үрдіс екендігі айтылды. Қызметтік әдеп нормаларын бұзу азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне тікелей әсер етеді деді ведмоства басшысы.
Мадияр Әбілдин сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында да бірқатар шаралар атқарылып жатқандығына тоқталды.
Аймақ басшысы мемлекеттік қызметкерге қойылатын талап жоғары екендігіне тоқталып, қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезіну әр қызметкерге борыш деді.
Дептартамент Мемлекеттік органдардың кадрлық жасақталуына да мониторинг жүргізгендігін айтты. 2025 жылдың қазан айында облыстың жергілікті атқарушы органдарында 325 бос лауазым болса, қазіргі таңда – 280 ге дейін азайған.