Ақсу қаласындағы мектептердің бірінде оқу уақытында 8 жастағы қыздың мұрны сынған. Алайда оқиғаның нақты қалай болғанын анықтау қиын болып отыр. Себебі екі мыңға жуық оқушысы бар жалпы білім беретін мектептегі бейнебақылау камераларының жартысы жұмыс істемейді. Тілші әңгімесінде.

Зардап шеккен қыздың әкесі Хамзса Сағындық бес бала тәрбиелеп отыр. Оның айтуынша, 30 қаңтар күні жұбайы екінші ауысымда оқитын сегіз жастағы қызын сабақтан алып кету үшін мектепке барған. Сол кезде мұғалімдер оны екінші қабатқа шақырған. Анықталғандай ұстаздар жедел жәрдем шақырмақ түгілі алғашқы медициналық көмекте көрсетпеген.

Хамза Сағындық, Ақсу қаласының тұрғыны

Сломали нос моей дочери которая учиться во 2 классе. Инцидент произошел внутрий школы.... «Жұбайым екінші қабатқа көтерілгенде, қызымызды қан-жоса күйде көрген. Мұрнынан қан ағып тұрды, мұрны сынған, бетінде көгерген із бар. Жұбайым: “Жедел жәрдем шақырдыңыздар ма? Полиция хабардар ма?” деп сұрады. Бірақ ешкім жауап бермеді. Амалы қалмай, жедел жәрдемді өзі шақырды. Тек сынып жетекшісі ғана жүгіріп жүрді — медқызметкерге қоңырау шалды, бірақ ол телефон көтермеді. Қызымыздың айтуынша, ол дәретханадан шығып келе жатқанда бұрыштан біреу соққы жасаған, шамасы баспен ұрған. Қызым бірден құлап қалған, бірақ кім соққанын көріп үлгерген.

Дәрігерлер қыздың мұрын сүйегінің сынғанын растаған. Оқушы екі аптадан бері үйінде ем қабылдап жатыр. Әкесінің айтуынша, бала жарақаттың сырт келбетіне әсер ететініне алаңдап отыр. әкесі мектеп қызметкерлерінің әрекетсіздігіне наразы. Оларды жауапкершілікке тартуды талап етеді. Оның үстіне, оқиғаға қатысты бейнежазба да сақталмаған.

Хамза Сағындық, Ақсу қаласының тұрғыны

Не работают в школе камеры. Мектепте бейнекамералар жұмыс істемейді. Айтуларынша, камералардың жартысы істен шыққан. Бұл — өте өкінішті жағдай. Біз мектепке сап-сау баланы жібердік, ал нәтижесінде осындай жағдайға тап болдық. Бұл бізді қатты алаңдатып отыр. Бұл мәселеден облыс басшылығы да хабардар болуы тиіс. Себебі бұлай болмауы керек. Біз балаларымызды мектепке жібергенде, олардың қауіпсіздігіне сенімді болуымыз қажет. Ал шын мәнінде, не болып жатқанын білмейміз.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қазір мектепте қызметтік тексеріс басталғанын айтты.

Алмагүл Рахимова, Ақсу қаласы Абай атындағы ЖОББ мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары

Дәретханадан шыққан соң. Қарама қарсы бала жүгірген шығар. Қандай бала екенін де білмейміз. Екеуі соғылды. Қыз кім екенін де білмеді. Классқа барды. сынып жетеңшісі баланың қанын тоқтатамын деп бөгеліп қалды. Ол кісі хабарласты маған осындай жағдай болды деп. Скорыйда ата анасымен бірге шақырттық деді. // жүгіріп кеттім камераға.

Қазір мектепте 88 бейнекамера бар, оның 45-і — жаңа, цифрлық камералар бар. 43 камера — аналог. Яғни олар бейнені көрсеткенімен, жазба сақтамайды. Қыздың әкесі полицияға арыз жазып, сондай-ақ Ақсу қалалық білім бөліміне жүгінген. Тексеріс жүргізілуде. Әйгерім Тоқпанқызы, Арман якубов.еа ақсу қаласынан