Әр адам қауіпсіз өмірге құқылы. Павлодарда осындай ұранмен форум өтті. Онда сталкиннгтің алдын-алу жолдары мен әкелер зардабы жайлы сөз болды. Форумды жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырды.

Қоғамда тұрмыстық-зорлық зомбылықтан бөлек сталкинг мәселесі де бар екені жасырын емес. Өзгені аңду, ізіне түсу, әлеуметтік желі арқылы немесе қандай да бір жолмен жөн-жосықсыз, еріктен тыс мазалау сталкинг деп танылады. Бұндай ерсі әректе Қазақстанда қылмыс санатына жатады. Айыппұлдан бастап, бас бостандығын шектеуге дейінгі жаза қарастырылған. Осы мәселені жан-жақты талқылауға арналған форумға қоғам өкілдері, психологтар, құқық қорғаушылар қатысты.

Сталкинг қоғамда бар. Фактілер тіркеліп жатыр. Алайда, қоғамдық көзқарас қандай? Форумда мәселенің осы қыры да сөз болды. Көбінесе бұндай жағдайдың жасырын қалатыны да айтылды.

Сталкингтың қатері сол адамның өміріне қауіп төндіретіндігі. Бастапқы да ешетеңе етпейтін мәселе көрінгенімен арты қайғылы жағдайға әкелген мысалдар аз емес. Сондықтан, әр адам бұл мәселеге сергек қарап, ертерек заң жүзінде шешуі керек дейді форум қатысушылары.