Қуат Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиынға қатысқан кеңес мүшелері жұмыс қорытындысы мен алдағы кезеңге жоспарларды айқындады.

Ардагерлер бүгінде қоғамдық өмірдің бел ортасында жүріп, түрлі игі бастамалар мен маңызды шараларға белсене атсалысуда. Бұл туралы жиын барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенже Кеңесбаев атап өтті. Оның айтуынша, аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен парасаты қоғамның дамуына серпін беріп, өскелең ұрпаққа өнеге болуда.

Конференция барысында ардагерлер кеңесінің 5 жылдағы жұмысының нәтижесі қорытындыланды. Мәселен, қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен құрылған «Ертіс әуендері» шығармашылық ұжымының өнері жоғары бағаланып, «Халықтық» атағына ие болған.

Облыстық ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің жұмысы да белсенді жүргізіліп келеді. Кеңес төрағасының айтуынша, ардагерлерді қолдау, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыс жалғасын таппақ.

Жиыннан кейін, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасын ретінде Кенже Кеңесбаев қайта сайланып, қызметін жалғастыратын болды.

Жұлдыз Қабылденова