Облыс әкімдігінде жылу маусымының қандай сапада өтіп жатқандығы талқыланды. Сондай-ақ, алдағы кезеңге дайындық мәселесі де сөз болды. Тілшіміз тарқатсын.
Павлодар облысы жылу маусының солтүстіктің өзге облыстарымен салыстырғанда әлдеқайда ерте бастапған. Бұл жылумен жабдықтау жүйесін ерте дайындап, ерте қамдануға мүмкіндік беріпті. Қазіргі уақытта жылу маусымы шаттық режимде өтуде деді жауапты ведмоства басшысы. Алайда кейбір қазандықтарда әлі де пысықтауға тиіс мәселелер бар екендігін атап өтті.
Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы
Күзгі-қысқы кезең бойы 2 жылу көзінің №1 ЖЭО және №2 аудандық қазандықта (РОК-2) сенімділігі алаңдаушылық туғызады. Осылайша бірінші ЖЭО ге мониторинг барысында технологиялық ақаулықтар саны 2 есеге ұлғайғаны анықталды. Ең көп тоқтаулар номері 2 - тоғыз тоқтау, төртінші -10 тоқтау, алтыншы 10 тоқтау және номері сегізінші қазандықта 12 тоқтау анықталды. Бұл ретте алтыншы қазандықта күрделі жөндеу 2021 жылы, сегізінші қазандықта 2023 жылы, номері төртінші және алтыншы қазандықтарда 2024 жылы жөндеу жүргізілді.
Алайда жылу көзінің иесі тарапынан жыл сайынғы қосымша жөндеулер болмағандықтан жылу көздерінің тозу деңгейі жоғарылаған. Сол себепті жылу маусымы кезінде бірқатар ақаулар анықталған. Осыған ұқсас тәуекелдер Ақсудағы №2 аудандық қазандықта да байқалған.
Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы
Ағымдағы жылы облыстың энергия көздерінде 41 негізгі жабдықты көздеу негізделген. Соның ішінде тоғыз энергия блогын, 24 қазандықты, алты турбинаны және екі түтін мұржасын жөндеу жоспарлануда. Алайда келесі жылыту кезінде штаттан тыс жағдайды болдырмау үшін Павлодар қаласының 1-ЖЭО және Ақсу қаласының РОК меншік иелері алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстарының көлемін ұлғайту үшін қосымша қаражат бөлуді көздеу және негізгі жабдыққа жөндеу жұмыстарын жүргізудің бекітлген кестесін сақтауы қажет.
Облыс әкімі Асайын Байханов барлық технологиялық ақаулардың фактілерін сараптап, анықталған кемшіліктерді жоюды тапсырды.